<![CDATA[www.qazsaq.kz]]> http://medinarebrova.yvision.kz/feed/ Tue, 21 Nov 2017 21:47:28 +0600 https://yvision.kz/images/userpics/medinarebrova-normal.jpgwww.qazsaq.kzhttp://medinarebrova.yvision.kz all rights reserved Zend_Feed 9-мамыр немістер не істейді?

Жеңіс күні - бас мерекелердің бірі. 9-мамыр орталық алаңдарда халық әскери шеруге жиналып, көкті түрлі отшашуға бояп, соғыс ардагерлеріне алғыс жаудырады. Атмосфера ерлік, еркіндікке толады. Бұл күн Германияда да тойланады. Бірақ мүлде өзге форматта...

Еуропада Жеңіс күні Нацизм жойылған күн ретінде 8-мамыр аталады. Бұл айырмашылыққа келесідей түсініктеме береді:

1. Үшінші Рейхтің толық капитуляциясы жайлы акт түнде, ал Ресейде 9-мамырдың таңы атып қойғанда қол қойылған.

2. Актқа екі рет қол қойылған. Себебі тұңғыш рәсіміне маршал Жуков қатысып үлгермеген.

Дегенмен, 9-мамыр немістер үшін Жеңіс күні ретінде қалған. Олар бұл күнге терең құрметпен қарайды. Ресми шара Берлин орталығы, Тиргартен ауданында у-шусыз, тыныштықта аталып өтеді. Ол жерде соғыста мерт болған батырларды еске алып, мемориалдық ескерткішіне гүл шоқтарын қояды.

]]>
Tue, 09 May 2017 13:45:08 +0600medinarebrova@yvision.kz (medinarebrova)жеңіс күнідень победыветераныветерены войныардагерлерсоғыс ардагерлерінеміснемістергерманияберлинроссия германияhttps://yvision.kz/post/766114https://yvision.kz/post/766114
Қазақ ерлері гастарбайтерлерді менсінбейдіҚазақ ерлері гастарбайтерлерді менсінбейтінін байқадым.
Олар қаншама шақырым жерде отбасы мен отанын тастап жұмыс жасауға келіп отыр ғой. Тапқанының бəрін үйіне жіберетінін айтшиш. Сен жасың 40 асса да əлі мамаңмен бір пəтерде тұрып жатсың. Кейбіреуіңде жұмыс та жоқ, үй де жоқ, сылтауратып, əйелдерің мен аналарыңның зейнетақысына темекі алып, қыдырып, тойға барып жүрсіңдер. #тфі

]]>
Tue, 09 May 2017 12:46:54 +0600medinarebrova@yvision.kz (medinarebrova)https://yvision.kz/post/756510https://yvision.kz/post/756510
ҚР IT САЛАСЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН Е-КОММЕРЦИЯНЫ ДАМЫТУ

Бүгін "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңында ҰКП Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар комитетінің төрағасы Мұрат Әбенов, ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев, Қазақстанның IT компаниялар қауымдастығының Төралқа Төрағасы Нұрлан Исин және ҰКП жанындағы Стартап және IT-экожүйені дамыту бойынша кеңес төрағасының орынбасары Мағжан Мәдиевтің қатысуымен брифинг өтті.

"Атамекен" ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев Мемлекет басшысының "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" Жолдауындағы IT-технологиясын дамыту бойынша берілген тапсырманы бизнес қоғамдастықтың жүзеге асыруға дайын екенін атап өтті. Сонлдай-ақ, ҰКП IT саласындағы жас өкілдердің қатысуымен стартап және IT-экожүйені  дамыту бойынша кеңес құрылғанын хабарлады.

Жиын барысында Қазақстан Республикасының IT саласын, қаржылық технологияларды, сандық сервис пен Е-коммперцияны дамыту бойынша шаралар қарастырылды. Сонымен қатар, Серпін Медиа орталығының өкілі тарапынан Kundelik.kz сайты және мектеп оқушыларын жоғары сыныптан бастап кәсіпкерлікке баулу мәселесі көтерілді. Эльдар Жұмағазиев пен Мұрат Әбенов брифинг спикерлерінің айтуынша, бұл жоба 2019 жылдан бастап толық жүзеге асады. Бұған қоса, пилоттық жоба ретінде кәсіпкерлікке ынталандыру Шығыс Қазақстан облысының білім мекемелерінде ағымдағы жыл бастау алған.

СМО ақпарат


  ]]>
Thu, 16 Feb 2017 14:56:42 +0600medinarebrova@yvision.kz (medinarebrova)https://yvision.kz/post/756173https://yvision.kz/post/756173
БОЛМАЙТЫН ЕЛДІҢ БАЛАСЫ БІРІН БІРІ «ҚАТЫН!» ДЕР немесе ҚАЗАҚ БІРІН БІРІ «КӨРЕАЛМАЙДЫ»!!!Қай ұлт болмасын енді жұлдызы жана бастаған жəне супер танымал əртістерін қуана қолдайды. Мəселен, Ресей əншілерінің ютуб, инстаграм т.б желідегі комментарийлерін оқысаң кілең "Мы гордимся тобой!", "Ты просто шикарна!", "И голос, и стиль - все сочетается! Тебе такой образ идет!", "Голливуд отдыхает!" т.с.с. пікірлер байқайсың. Ал отандық эстрадамыздың комментерін көрсең барлығы негатив, қолдау түгілі бір жылы лебіз білдірмейді: "Е мынау жетісіп қапты!", "Дауысы түк жоқ!", "Масқараа, киініп алғанын қара!", "Қашан баЙға тиесің? Кемпір болдың ғо е!", "Сені Пəленшенің күйеуімен көріпті ғой, намысың қайда! Кет, Қазақстаннан!", "Дым жарияламай-ақ қойшы, еш нəрсе жараспайды саған!", "Таныс арқылы келген еді, көтеріліп кетіпті ғой" т.б. сұмдық пікірлерді оқисың.

Қазаққа не жетпейді осы? Қай саланың болмасын мəдениеті өзгеріп отырады, заманға қарап аяқ басқан жөн. Егер ескінің патриоты болсақ, бəріміз шапан жауып, сәукеле киіп жүрейік! Адамның ішінде не толы болса, сыртына сол шығады... Егер біліміңіз жеткілікті болмаса, түсіне алмасаңыз көзіңізді жұмып ары қарай өтіп кетіңіз. Міндетті түрде біреуге күйе жағып кету керек пе? Данышпан болып 24 сағат əртіс аңдығанша, таза ауа жұтып, өзіңізге қызықты дүниелермен айналысыңыз. ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН,  Болатын елдің баласы бірін бірі БАТЫР дейді...

]]>
Wed, 15 Feb 2017 18:00:23 +0600medinarebrova@yvision.kz (medinarebrova)негізікүлетіннəрсеемесshowbizshow businessэстрадаказахская эстрадаhttps://yvision.kz/post/756030https://yvision.kz/post/756030
БРУТАЛ ҚЫЗДАРҒА КЕҢЕС: ЖІГІТКЕ ҰҚСАУДЫҢ 5 ЖОЛЫКез келген қоғамда еркекке ұқсағысы келетін нәзік жандылар(нағыз жындылар) бар. Егер де жігіт болсам «бабник» болатын едім, ата-анама қыруар қаражат тауып, асырайтын едім, бүкіл ауданды «ұстайтын» едім, әлемдегі ең сұлу бикешке үйленер едім, үйітіп жіберетін едім, бүйтіп жіберер едім дейтін әңгімелерді жұртқа жар салып жүретіндер жиі кездеседі. Кейбір отбасыларға Жаратушы Алла кілең қыз береді. Бес не одан көп қызы бар үйдің әкесі қашан да ұл қиялдап жүреді. Қызығы, сондай ұядан міндетті түрде біреуі еркекшора боп өседі. Мәселен, әкесіне не ағасына қызығып, солардың қимылын, іс-әрекетін қайталап, далада қуыршақтармен, ыдыс-аяқпен ойнаудың орнына, шаң-тозаңда  балдармен доп теуіп, тапаншамен атысып, «уию,уию»-«ввуууувв» деп мәшінкелерді айдап өседі. Уақыт өте, шашын қысқартып, найк не адидас спорттық киімдерін киіп, ерлер бөлімінен кроссовка, кеды алып, рюкзак арқалап жүреді. Бұл аздай басына кепканы да бастырып алады. Соңғы сөйлемдерді оқығанда бірнеше таныстарыңызды елестеткен де боларсыз. Яғни, ашығын айтсақ, жігітке ұқсағысы келетін қыздарымыз көп. Сондықтан да осы контентті жазуға бел байладым.

Сонымен, еркекшора болу аз, ал шын мәнінде максималды түрде жігітке ұқсағысы келетін жандарға келесі кеңестерді ұсынамын:

1. Ең алдымен, гардеробыңыздан әйел адамның киіміне қарағанда ерлердікіне көбірек ұқсайтын үлгілерін таңдап алыңыз. Тігісі жеңіл, бос тұратын фасондарға көбірек көңіл бөліңіз. Дененің жоғары жағынан белге дейін тартқыш белденше киіп алыңыз. Аяқ киіміңіз де бір қарағаннан-ақ ерлердің бәтеңкесіндей визуалды эффект беруі тиіс.

2. Әңгімелесу барысында өзіңіздің сөздік қорыңызға мән берген жөн. Яғни жігіттердің лексиконында «өлә», «тууу бір» т.б эмоция білдіретін сөздер, термин-күрделі сөздер болмайды. Олар қысқа-нұсқа жауап бергенді ұнатады. Дауыс тембрі шамалы төмендеу болуы керек.

3. Ер сияқты әрекет, қимыл жасау маңызды. Мәселен отырған кезде аяқты аяқ үстіне қоймай, толық жерге қойып, шамалы ашып отыру керек.

4.Жігіт картинасын толықтыру үшін міндетті түрде бруталды, қалың аксессуарлар қажет. Дегенмен әшекейлердің де көп болмағаны абзал. Олар көбіне қарапайымдылықты ұнатады.

5. Бұл процесті жүзеге асыру барысында боянып-сылануға тыйым салынады. Тоналды крем, түрлі әшекейлер, тырнақ бояу т.б. туралы ұмытқаныңыз жөн.

Қосымша кеңес, шаштың ұзындығын толықтай бас киімнің астына салыңыз. Немесе қысқа шаш үлгілерін жасап алуға да болады. Егер де қызығушылығыңыз уақытша екенін сезсеңіз қысқа парик сатып алғаныңыз дұрыс болады.

 

Мадина РЕБРОВА

  ]]>
Wed, 01 Feb 2017 23:13:54 +0600medinarebrova@yvision.kz (medinarebrova)мадина ребровакак стать парнеммужествожігіткеңесқыздарға кеңесмаңызды кеңесжігітке ұқсаудың 5 жолыhttps://yvision.kz/post/753391https://yvision.kz/post/753391
ЖОЛЫ БОЛМАҒАН ЖАСТАР НЕМЕСЕ ЖАСТАР ЕЛ БОЛАШАҒЫБіздің қоғамда "Кішіге ізет" тек мақалда ғана бар.
Кіші болсаң "барып-кел шауып келсің", бір нəрсе үйренем-ау деп үлкен ортаға барсаң - сені назарға да ілмейді (өздері аспаннан салбырап түскендей), амандасуға ерінеді, пайдасы жоқтар түшкірсе "сау бол" деп те айтпайды)), суретке түсейік десең өзінше жұлдыз боп қалады😀, тəжірибең жоқ деп тəуір жұмысқа да алмайды(қызыл/көк дипломымен амалсыздан сатушы не даяшы боп кеткендер қаншама), айта берсең өте көп. Қысқасы жас болсаң дым білмейсің деген стереотип қалыптасқан.
Үлкен жастағылар мəңгі жүрмесін сезеді ғой, 2*2 жер күтіп тұрғанын бəрі де білед. Өздерінің орнына жастарды үйрете/тəрбиелей білу керек. Жастарымызды қолдайық 🖑 #негізікүлетіннəрсеемес #жастар_ел_болашағы

]]>
Wed, 01 Feb 2017 13:29:40 +0600medinarebrova@yvision.kz (medinarebrova)жастарқазақ жастарыжастәрбиежастарға көмекhttps://yvision.kz/post/753308https://yvision.kz/post/753308
ОЙБАЙ ҚЫЗДАРЫМЫЗ ҚЫТАЙҒА КЕТПЕСІН деп намысшыл боп отыратын «ағатайлар»-ға арналады!Қазақ қызын қатты құрметтесеңіз, жамандыққа қимасаңыз НЕГЕ қарындасыңызды, əпкеңізді, əйеліңізді, өз қызыңызды далаға бос қойып қойясыз? Бəледен сақ болсын, өмірі сынбасын десеңіз НЕГЕ етегі ұзындауына себепші болмайсыз(ойы бұзылмайтын еркек жоқ)? НЕГЕ дүние іздеп кеткен қыздарыңыз үлкен қалаларда қаласа қыдырып, темекінің түр-түрін тартып, мажор не альфонстармен төсектес боп, емін-еркін жүр? КƏНІ ЖАНЫҢЫЗ АШЫҒАНЫ? Өздеріңіз де жас қыздарды көре қалсаңыздар көзбен жалаңаштатып, бар арам пиғылдарыңызды іске асыруға асығасыздар. Екі жүзді айқайларыңызды қоя салыңыздаршы, а.

]]>
Wed, 01 Feb 2017 13:23:32 +0600medinarebrova@yvision.kz (medinarebrova)қоғам дертінегізікүлетіннəрсеемесhttps://yvision.kz/post/753306https://yvision.kz/post/753306
Международный турнир «Большой Кубок Астаны» по бильярдному спорту среди ветеранов

Скоро в центре столицы состоится большая игра любителей и профессионалов бильярда. В связи с этим, нам удалось составить эксклюзивное интервью-цитатник от организаторов турнира. Участники команды «Астана қырандары» передают свои лучшие пожелания читателям и ждут вас на важном событии года, который проводится  1-2 декабря, в бильярд-клубе «Зодиак».

Сәдібек Түгел. Меніңше, бильярд – бұл нағыз джентельмендердің ойыны. Олар өздерінің мырзалығын көрсетіп, басқаға үлгі болуы керек. Бұл спорт түрін 1998 жылдан бастап ойнап келемін. Алғаш бильярдты маған үйреткен, тартқан сансэйіміз Акбар байке Рысқұлов. Бірде екеуіміз партия ойнап жүргенде, «Уақыт келеді байке, біз осы жерде үлкен кубок өткіземіз» - деген сөз ауызыма түсті. Міне арада қанша уақыт өтіп, осы сөз жүзеге асып отырған жайы бар.

Алға қойылған ең үлкен мақсат – азаматтық бірлігімізді арттыру, Астанамыздың мәртебесін ұлықтау. Бұл қаланы жанымдай жақсы көремін, сондықтан да жуырда өтетін турнирді Астанаға, осы елорданың іргесін қалаған, негізін салған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арнаймыз. Барлық командаға ризашылығымды білдіріп, рақметімді айтамын.

Мирашев Кайрат Мирашевич. «Астана қырандары» - это сильный коллектив, созданный нашим агашкой, Садибеком Тугел. В основном в составе ветераны, которые близки по духу, для которых бильярд не просто увлечение. Турнир проходит в канун большого праздника, основателья Республики Казахстан нашего Первого Президента и 25-летия Независимости РК.

Пожелаю удачной игры, всего хорошего, чтобы Казахстан процветал.

От предстоящей игры ожидаю хорошего результата и только победы в командном зачете. А в личном поборимся.

Еремин Михаил Иванович. В бильярде главное не возраст, а найти компанию бильярдистов, которые приятны тебе в общении. Потому что, это не только спорт, это – продолжение жизни. А мы как вы заметили, совем не молодые ребята. И нам очень важно, в процессе игры обмениваться мнением, помогать и давать поддержку друг-другу.  Командный состав создан 2 лет назад, назвали «Астана қырандары», наверное это олицетворяет наш командный дух, настрой, у нас у всех единая идея, единые костюмы, потому что мы относимся к бильярду как к искусству. Поэтому совместно с дизайнерами одного ателье разработали элегантный эскиз, и претворили ее в жизнь, эти формы вы увидите на нашем турнире.

От предстоящего турнира ожидаю бескомпромиссной игры, дружеских отношений, новых знакомств, и не скрою, наверное, победы нашей первой команды. Нас радует, что мы  являемся первыми, кто организовывает международный турнир по бильярду.

Акашев Марат Кабибуллаевич. Для нас бильярд – в свободное время хобби, и для здоровья это спортивный дух, адреналин, состязание, удовольствие.

В наш коллектив «Астана қырандары» постепенно начали набираться люди, именно сплоченные из них сейчас организовались в большую группу, нас уже более 20 человек. Скоро организовываем игру. В турнире будут претенденты которые хотят сразиться с нами в бильярде, сотрудничать с нашим клубом на международном уровне. Наша главная цель – сделать бильярд популярным в Казахстане.

Қорғанбаев Рахымберді Қызабекұлы. Біз төрт жылдарн бері осы ұжымды құрып, екі жылда топты «Астана қырандары» деп атап, бір команда болдық. Өзіміздің өнерімізді тек Астана төңірегінде емес, еліміз және шет елдік дос-жарандарымызбен шыңдап жүрміз. Облыстағы азаматтар бізді өздеріне ойынға шақырады. Соңы жарысқа айналып, қазір әр облыс өзара кесте құрып, түрлі турнирлер ұйымдастыруда. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент күніне орай елорда төріне өзге командаларды шақырып отырмыз. Бірінші орын алсақ деген мақсатымыз бар.  Қазір командалық дайындық жүріп жатыр. Келген қонақтардан кімнің ойыны мықты болады, сол жеңіске жетсе екен деймін.

Бүгін бейбіт өмір сүріп, тып-тыныш бильярд ойнап жүргеніміз тұңғыш президентіміздің салиқалы саясатының арқасында. Дүниежүзіне Қазақстанды танытып, басшылық парызын толықтай атқарып жүрген сол кісіге алғысымыз шексіз! «Астана Қырандары» командасының жеңісін Нұрсұлтан Әбішұлына арнаймыз!

Ли Виктор Людовикович. Бильярд – это мое любимое занятие. Он помогает поддерживать тонус, укреплять боевой дух. В нашем положении, предстоящий турнир, который состоится в столице нашей родины – это больше как дружеское состязание всего Казахстана, также с участием России и Кыргызстана.

Я думаю что, наша команда составлена по спортивному принципу. У нас достаточно сильные игроки, старшие из них достигают 70. У нас очень дружный состав, надеемся показать высокий результат, выиграть.

Блиц-опрос готовила шеф-редактор Республиканского журнала «Ұлы дала қырандары» Мадина Нематжанқызы

    ]]>
Sat, 14 Jan 2017 06:00:25 +0600medinarebrova@yvision.kz (medinarebrova)большой кубокбольшой кубок астаныбильярдбильярдный спортhttps://yvision.kz/post/747937https://yvision.kz/post/747937
FOR ME THIS TOURNAMENT IS EQUAL TO OLYMPIC GAMES

The interview with Sadybek Tugel, the author, initiator of idea of  “The Big Race Cup of Astana”, an international prestigious tournament on billiard sport, and the chairman of its organizing committee, public figure and famous writer was held by Madina Nematzhankyzy, editorial director of  “Eagles of the Great Steppe” (“Uly Dala Kyrandary”)  republican magazine.

Madina Nematzhankyzy: Mr. Sadybek, I suppose it is better to ask the first question on the tournament regulation, which is in my hands now. The fact, that this important document was approved by Elsiyar Kanagatov, the chairman of the Sport committee of the Ministry of Culture and Sport of the Republic of Kazakhstan, determines many things. Please, tell me about it.

Sadybek Tugel: You have noticed it right. “The Big Race Cup of Astana” has been assigned the republican status for the first time ever. Before holding this tournament we, the members of organizing committee have gotten the sanction of  Ansar K. Karaneev, the president of the Billiard Federation of the  Republic of  Kazakhstan and Aset Isekeshev, akim of Astana city. After that we submitted an offer to the Ministry. On this occasion I’m expressing my thanks and gratitude to Arystanbek Muhamediuly, the Minister of  Culture and Sport, to Elsiyar Kanagatov, the chairman of Sport committee, to Berik Marjykpai, the head of Astana Sport Agency for their support and accepting our offer.

Madina Nematzhankyzy: I also like billiard sport. That’s why, Mr. Sadybek, I congratulate you with the big authority!

Sadybek Tugel: Thank you, dear! I think that it is our victory in general. “The eagles of Astana” (“Astana kyrandary”) team and our friends-cueists from Oskemen, Shymkent, Almaty, Kokshetau and Pavlodar towns. Yes, republican status shall not be given for without a reason. For this purpose it is necessary to work very hard.

Madina Nematzhankyzy: Mr.Sadybek, I have read in the regulation that the especiality of the current year tournament is the addition of Russian and Kyrgyz masters. Therefore, your competition has raised to more high level. Please, tell me how have you achieved such a high level? Could you please start from the history of the tournament?

Sadybek Tugel: Thank you for this question. Seriously, this success has not come to us easily.  As I mentioned above, we needed to work hard. Everything has its own origin and history.  So, “The Big Race Cup of Astana” has its own way, rich history with ups and downs. I’ll tell you about this... Shifting our capital from Almaty to Astana was a really great event in the history of our nation. Astana is the city of success and unity. Astana – is our saint centre, which unites and combines all people of Alash. I am thankful to God for the given opportunity and luck to be the first press secretary of Astana city. My passion to billiard sport has been started approximately on January or February in 1998. That time everything was new and filled with some romantic feelings. We were young guys. Our families lived in Almaty. Me and my friend Akbar Ryskulov were playing a billiard every evening. We used to play in “Strike”, billiard and bouling in club of Akmola city. Now its name is “Zodiak”.

Madina Nematzhankyzy: Oh, Mr. Sadybek, excuse me for interruptin you, but who is Akbar?

Sadybek Tugel: It’s a good question. Akbar is a legend man. He is a real brave man of present days. That time Akbar Ryskulov was the plenipotentiary of the Republic of Kyrgyzstan in Kazakhstan. And Kyrgyz nation was the first who transferred their embassy from Almaty to Astana. This has been done perfectly. It will be more than true if I say that it has been cultural and spiritual centre of Astana.  There were held lots of cultural events, such as poetry and music evenings, and many others. And Akbar, initiator of billiard sport, was there among us. I figured that Akbar is my teacher on billiard. He is our “sunsai”. That’s why I respect him very much. Now Akbar Ryskulov is the chairman of the Union of Writers of Republic of Kyrgyzstan, poet, owner of national award of the Republic of Kyrgyzstan. Summing up, he is the best of the best, and deserves to be a referent to the whole country.

Madina, here I should quote the words of our great writer Abai Kunanbayev, “The God is true and his words are true!”.  Every evening we were playing billiard in the “Strike” club. On the weekends we were there till the morning. There also were times when we came home at 5-6 o’clock in the morning.  Many interesting things had happened. I wrote the story called «Kydyrbai street» that time. We used to play billiard not just for fan and game itself, but more for taking part in tournament actually. Because if it were just a game, it meant we were wasting our time, and when it was like a tournament it meant a competition. Of course, the importance of the tournament is more than just a game, it’s so exciting when you compete with somebody. So I have been holding tournaments with my friends over the last 18 years.  It has a big impact. So I think that everything, which is happening now isn’t just a coincidence, because there was a day when I said, “Mr. Akbar, the time will come and you and me will hold “The Big Race Cup of Astana” and thank goodness here it is. Akbar replied: “Amen, Sake! It would be great!” And here it is, Madina, you see, we got it.  We are extremely happy! It’s wonderful, isn’t it? So what are the impact and result of this? The very first thing is close friendship, then the results of  a welfare, solidarity and generousness of citizens.  In the beginning of 1998 Serik Akpanov joined our team. He worked in the construction industry of new Astana. We became friends, and since that time have never been separated.  Fortunately, we have never had conflicts in friendship. Then Ayagan Sandybai, Ulykbek Estaulet, Zhumatai Abildinov, Ondasyn Meiyrbaev jointed us in 1999-2000.

In the spring of 2001 after the 5 years of work in embassy, Akbar Ryskulov has became an Assistant  to Askar Akaev, the President of the Republic of Kyrgyzstan.  In honor of this happy event we arranged “Pyramid” billiard tournament along the Abylaihan street. There during proposing my toast I said, “Mr.Akbar, you are the great person, who made an invaluable contribution to the billiard sport. That’s why we decided to open the billiard club, which we shall name after “Akbar”. The first one, who supported this idea was Mr. Ayagan Sandybai. Right there we appointed Aktanov Serik to the position of the president of  “Akbar”, the international billiard club. When proposing his toast Akbar Ryskulov said following catchy phrases: «Guys, I really appreciate your respect. I wish you only one thing: I wish that the members of the club will be not just members, be really “strong and worthy members”.  It means, that the members of our club should be real men, brave and courageous, like less talk, more real acts – it’s a description of real man.  We are thanking God for the years and months have gone.  And we are still using Akbar’s catchy phrase like a slogan.

Madina Nematzhankyzy: Could you tell more information about Aktanov?

Sadybek Tugel: “Our wise ancestry said us to tell much about kindness and to spread it everywhere”. Serik shows us a good example of  being responsible worker. We are very glad for it.  Also he is a main sponsor of many billiard competitions, which are held within the club “Akbar”. What are these competitions? About this Serik Kasymbekuly wrote in details in his “The Big Race Cup of Altai” booklet, which was prepared for Oskemen tournament.  It can be read in “Eagles of the Great Steppe” (“Uly Dala Kyrandary”)  magazine.  That’s why I can not to repeat it.

Madina Nematzhankyzy: Mr. Sadybek, as I understand, the thing started from two guys’ every evening billiard playing became a great tournament with the republican status, yes?

Sadybek Tugel: Exactly.  Nowadays we grew from interesting game to the high leveled sport.  We have real masters in our teams. They are virtuosos. They are over 50 years old professional and famous sportsmen.  Thank of the tournaments, which held stably every week we got such a success and opportunity. Since 2015  year we have been held “The Big Race Cup” competition on billiard sport for the 50 years old sportsmen. The tournaments were held two times in Astana and Oskemen cities, one time in Shymkent, Almaty.  And  on the 1-2 of December we are planning to hold the third “The Big Race Cup of Astana”, international billiard tournament, which is dedicated to the First President’s day in Astana and to the 25th anniversary of Independence of the Republic of Kazakhstan. Including Russia and Kyrgyzstan there will be competition between 7 teams.

Madina Nematzhankyzy: What are the names of the teams?

Sadybek Tugel: Yes, you are right, each team has its name. The team of Astana is called “The eagles of Astana, the team of Oskemen: “Untoward (Asau) Ertys”,  Shymkent - “The eagles of Shymkent”,  Almaty - “Zharasym”.

Madina Nematzhankyzy: I noticed that there were six “Eagles of the Great Steppe” tournaments. Who are the champions?

Sadybek Tugel: You are asking a good question. There are by two victories in the team scores of Astana and Shymkent. And cueists from Oskemen having been a champion 5 times in the separate championship, could deserve The Big Race Cup.  They are: Toktamys Zhumagulov (two times), Serik Aktanov (one time), Beisen Baigaliev, Sailaubek Musinov. The team from Almaty has one victory on their personal score. Its author – Nurtileu Imangaliuly, master on billiard! For the present, teams from Astana and Shymkent haven’t been winners on the personal championship yet.

Madina Nematzhankyzy: During the interview I have noticed that many words were said about eagles. So, tell me please, what’s the connection between billiard and eagles?

Sadybek Tugel: It has direct connection. The basis of “The Big Race Cup” competition on billiard is the “Eagles of the Great Steppe”, public cultural and social association, which celebrated on the 12 of October their 5th anniversary.   It’s public organization.  It has such good purposes like respecting of national traditions, developing of culture and sport of the Great Steppe, being faithful in the performance of duty and serving our country.  The association of Eagles having achieved big results in developing billiard game, which now is included to a page of culture, so also it’s a real organizer and promoter of “The Big Race Cup” systemly held competition.  The bright proof and evidence of this is “The Big Race Cup of Astana”, an international prestigious tournament, dedicated to THE FIRST PRESIDENT’S DAY.  The main sponsors and organizers of this tournament: «THE EAGLES OF ASTANA»  team of cueists. Two and half months ago we put a special working team together with the head Kairat Mirashev.  They are working well.  Also Rakhymberdy Korganbaev, Mihail Eremin, Li Victor and Marat Akashev help to prepare and organize the tournament.  I really appreciate their help and thank all of them.   We’ll do it with thank of God.

Under the professional managing of Serik Aktanov  “The Big Race Cup of Altai” competition was held by Oskemen in high level two times.  On 15-16th of December in 2015 year Nurlan Aitymbetov arranged wonderful tournament in Shymkent. In connection with this I want to express my gratitude to Batyrbaev Daulet, the akim of Ulan region of West Kazakhstan. In that time our collegues from Ulan region showed themselves from the best sides. They set yourts along the onshore of the famous “Shalkar” lake and met the cueists, who came to the “The Big Race Cup of Altai” with especial  hospitability.   Naiman Kalabaev, an academician, professor said:  “When I saw such a great respect and hospitability, I was so glad, that I can't even describe my feelings. I have never seen before that the cueists can be accepted with such an honor. It was absolutely wonderful, Ulan city!”.  There is nothing to add. It’s all true, and we should tell the truth. To say in one word, among the west Kazakhstan cities Ulan citizens was the best. They showed to cueists their high respect.  It’s one side. Secondly, we have especial type of organizing tournaments. This means, that we have not only sport, also together with sport we have mutual respect, friendness, having fun, cultural events, hospitability skills and many others. So, our vitality is in these things.

Madina Nematzhankyzy: What will be the future of this tournament?

Sadybek Tugel: And again you are asking good question. Well, I think that our unity and force help us to achieve such a success.  But all the same we needed to connect with the Ministry of Sport. We hope that in future these tournaments will be held with help of government financing. Generally, the future of the Eagles is big.  Because eagles fly high!

Madina Nematzhankyzy: Mr.Sadybek, would you like to wish something in the end of our interview?

Sadybek Tugel: The billiard force is the game, art. It unites and makes us friends. Together with it, it’s also pledge of big health. Good luck to the participants of “The Big Race Cup of Astana”, an international prestigious tournament!

Fore coming soon the 25th anniversary of Independence of the Republic of Kazakhstan! I congratulate all of you with the coming the First President’s day  and the 25th anniversary of Independence of the Republic of Kazakhstan!  I wish happiness to all families of our country! Kazakhstan, thrive!

    ]]>
Sat, 14 Jan 2017 05:46:23 +0600medinarebrova@yvision.kz (medinarebrova)interviewhttps://yvision.kz/post/747934https://yvision.kz/post/747934
ЭКСКЛЮЗИВ СҰХБАТ: КӘМШАТ ЖОЛДЫБАЕВА

Қазақ эстрадасының жарқын жұлдызы Кәмшат Жолдыбаева бүгінде халық сүйіп тыңдайтын әншілердің бірі. Он саусағынан өнер тамған орындаушы, отандық киноиндустрия саласын да қалт жібермей, дүйім жұрттың көңілін еріксіз баурап отыр. Халықаралық «Қазақстан келбеті» журналының ерекше сұлу әрі талантты қонағымен сыр шертіп, эксклюзивті сұхбатты назарыңызға ұсынамыз!

- Кәмшат, бір емес бірнеше өнер саласында өзіндік орныңыз бар, қазақтың маңдайына біткен жарық тұлғасыз, жұлдызыңыз жарқырай берсін! Ең алдымен шығармашылық жолыңызға тоқталсақ, барлығы неден басталды?

- Рақмет, Мадина! Мен өнерлі отбасында дүниеге келдім. Туып өскен жерім киелі Маңғыстау, кәрі Каспийдің жағасында, теңіз толқындарын қуып өскенбіз. Ата-анам да өнер майталмандары. Анам – Гүлнар Жолдыбаева, хореограф, көптеген түлектерді өз қолынан жіберген өңірімізге танымал би мұғалімі. Әкем – Мұрат Жолдыбаев, жүрегінде, жанында музыкант, бүгінде жүргізуші қызметін атқарады. «Жолдыбаевтар әулеті» атты бүкіл облысқа белгілі ансамбль болған. Сол аралықта әкем, оның аға-інілері мен келіндері жиналып, түрлі гастрольдерге баратынбыз. Сіңілім – Алтынай Жолдыбаева, інім – Руслан Нұрбергенов, жастайымыздан сахнаны сүйіп өстік. Мамамандыққа келгенде үлкен таңдау болмады, бәрімізді өнер жолы баурап тұрды. Дегенмен, өнерден өзге де саланы көздеп «Мұғалім және аудармашы-референт» мамандығы бойынша Маңғыстау Гуманитарлық колледжін тәмамдадым. Алайда бойымдағы өнер жібермей, Алматыға аттанып, ҚазМҚПУ-ға түстім. Төртінші курста Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлтық өнер академиясының «Эстрада-вокалы» мамандығына ауысып, сонда бітірдім.

- Алға жетелеген балалық арман ба? Әлде алға қойылған нақты мақсаттарыңыз ба?

- Бастапқыда арман болды, кейін уақыт өтіп үлкен мақсатқа айналды.  Кішкентайымда жәй қарап отыра алмай, шетелдік жұлдыздарды теледидардан тамашалап, ұмтылып, қатты ойлайтыным соншалық, түсімде көріп, таңертең сол түсіме қатты сеніп, мәз боп жүретінмін. Анам бастапқыда мені биші ретінде көрсетсе, тұңғыш  әншілік жұлдызымды жағып, үлкен сахнаға шығарған ұстазым, еліміздің мақтанышы, батыл, батыр қыздарыңыз – Тамара Асар. Өзінің қанатының астына алып, үлкен байқауларға қатыстырып, қолдау көрсетіп, маңғыстауша айтқанда – апам болады.  Сондай-ақ, «Кеш You» тобының құрамында болу өмірімдегі ең үлкен, маңызды әрі жарқын сәттерімнің бірі. Қаншама жеңілістер мен жеңістер болды. Біреуіне қол жеткізсең, армандар келесі белеске жетелейді. Маңдайыма қанша ғұмыр біткені белгісіз, сондықтан да еншімдегі аз уақыт ішінде асқақ армандарым орындалуын тілеймін, соған талпынамын.

- Кәмшат, таңдаулы жұлдыз болуды армандап жүргендер көп. Бірақ оның да кемшін тұстары жоқ емес. Сіздің пікіріңізше, өнер адамдары ауыр сынақтарға жиі кезігеді ме? Өз басыңыздан өткен осындай жайтпен бөліссеңіз, оларды қалай жеңдіңіз?

- Атақты болу оңай, бір сәт ғана. Әңгіме танымал болуда емес, сол дәрежені қалт жібермей, ұстап қала білуде. Ол талмай жасалған еңбек пен ұзақ ізденіс арқылы келеді. Бойдағы ерекшелікті көрсете білу, дәлелдеу әрі мойындату – зор өнер. Әртістің ең қиын тұсы осы, яғни, тек сахнаға келу ғана емес, сол сахнаның төрінде орын алу. Бүгінде жеткен зор жетістіктерім, жеке әнші ретінде шығып жатқан туындыларым жеті жыл бойы бірлесіп жұмыс жасап келе жатқан ұлы ұстазым, кеңесшім, продюсерім – Баян Мақсатқызының арқасында.

- Қазіргі таңда қандай жобалармен айналысып жүрсіз?

- Мен соңғы уақытта киноиндустрия саласына көп көңіл бөліп жүрмін. Жақында «Өгей жүрек» телеэкранға шықса, кеше ғана түсірілімі аяқталған «Сүйе білсең» атты жоба жуырда көрермен назарына ұсынылады. Оның арасында ауқымды мерекелік шараларға жүргізуші ретінде шақырып тұрады. Тұнып тұрған өнер, мүмкіндіктер өте көп.

- Тыңдарманыңызға шығармашылығыңыз арқылы қандай ой жеткізгіңіз келеді?

- Менің ойымша, әр әншінің өзіне сай ерекшелігі бар. Мен тыңдармандарыма жақсы көңіл-күй, сұлулық, махаббат, мереке сыйлағанды ұнатамын. Байқасаңыз, репертуарымда баяу, қайғылы әндер жоқтың қасы. Көбіне өзім билеп кетіп ән салғанды жақсы көремін. Алдағы уақытта туған жеріме деген ыстық лебізімді білдіретін әндер жазуды жоспарлап отырмын. Халық менің әніммен бірге шаттанса, билесе – мен үшін бұл зор бақыт.

- Еліміздің ең үздік ән кештері, тележобалары, тіпті телехикаялары да – сізсіз өтпейді. Бойыңыздағы сансыз қырларыңызбен қашан да таң қалдырып жүресіз. «Superwoman» болу қиын ба, мұның барлығына бір мезетте қалай үлгересіз, Кәмшат?

- Қалай үлгеремін... Әр істі уақытылы әрі тиянақты орындаудың өзі бір ғанибет. Ең алдымен бойдағы жалқаулықты жеңіп, қашан да белсенді болуға ұмтылу қажет. Өзіңе берілген уақытты дұрыс ұйымдастырып, тиімді пайдалана білген жөн.

- Қазақ киноиндустриясының өрістеуіне өз үлесіңізді белсене қосып келесіз. «Тракторшының махаббаты», «Ғашық жүрек», «Парыз» телехикаяларында, «Біржан Сал», «Тараз», т.б. қазекемнің атақты фильмдерінде сомдап жүрген рөлдеріңіздің санына жету мүмкін емес. Тұңғыш рет қандай рөл орындадыңыз? Ерекше есте қалған сәттермен бөліссеңіз?

- Бірінші рет – «Біржан сал» фильмінде Мақпалдың рөлін сомдадым. Досхан Жолжақсынов кино әлеміндегі тұңғыш тұсауымды кескен  тұлға деп мақтанышпен айта аламын. Кішкене ғана эпизод болды. Қиыны, көп сериалдық немесе толық метражды кинодағы басты кейіпкердің рөлін ойнап шығу емес, тап сол кейіпкердің образын ашатын, сан-қилы сезімдерін кішкене ғана берілген 1-2 минут ішінде көрсете білу деп ойлаймын. Ол кезде менің жасым әлі 22-де болған, әйткенде күйеуі қайтыс болып, серіге ғашық боп жүрген 30 жастағы әйелдің рөлін ойнап шықтым. Сол уақытта кино саласы жаныма жақын екенін аңғардым.

Камшат Жолдыбаева для журнала "Қазақстан келбеті"

- Кәмшат – қай кейіпкерге жақын? Неге?

- Қай кейіпкер болмасын мен үшін әр бірі маңызды. Бэлла да, Бибігүл де, қазіргі түскен жобамдағы Сая Маратқызы да, Мақпал да.

- Шет елдік режиссерлердің қандай да түсіріліміне ұсыныс түссе  қатысар ма едіңіз?

- Қандай жоба болмасын, мен үшін ол – зор мүмкіндік. Жуырда ғана «Әмре» атты фильмі шет елде түсірілді. Ә. Қашаубаевқа арналған кинолентаға арнайы барып қатысып, Жұмабекенің рөлін сомдап келдім. Америкалық режиссер, голливудтың атақты жұлдыздарымен бірлесе жұмыс жасап, тәжірибемді одан әрі толықтырдым.

- Отандық түсірілім техникасымен салыстырғанда өзгеше тұстары бар екен бе?

- Айтарлықтай ерекшелік жоқ, барлық жерде бірдей түсірілім алаңы, бір тәртіп, бірегей ереже. Олар өздерінің әйгілі режиссер, актер екенін ұмытып, баршасы бір толқында сөйлеседі. Сол тұстарына қатты қызықтым. Сондай-ақ, оларда жауапкершілік бірінші орында. Біреу өзінің мойнына жүктелген жұмысын дұрыс атқармаса, гонорардан қысқартады. Тағы бір ескеретін жайт, ол жақта түскі ас өте маңызды, тіпті сахна түсіріліп жатқанда оператор не жарық қоюшы аппаратурасын сөндіріп, тамақтанып келуге құқылы. Оларда ол қалыпты жағдай. Ал бізде түскі ас түгілі, кешкі 10-да бітетін түсірілім шамадан тыс түнгі 3-4 аяқталса да мәз болып жүре береміз. Бізде де бір тәртіпке келіп, осы тұсымызды өрбіткен дұрыс. Мен түсірілім барысында барлығын ұмытып кететінім соншалық, тіпті түннің бір уақытына дейін созылып жатса да сол жерде бақытты боп жүремін. Себебі бұл менің әлемім, осы сәт жалғаса берсе екен деймін.

- Құрметті Камшат, сіздің қазақ аруына тән ерекше образыңыз, сырбаз стиліңіз мені тәнті етеді, бұл жолда көмекші стилистіңіз бар ма, әлде тек қана өзіңіздің жеке талғамыңызға жүгінесіз бе?

- Ол жағын сіңілім Алтынай қадағалап отырады. Талғамы шынымен де ерекше, заманауи сән үлгілерін, маусым трендтерін, қай көйлекке қандай туфли сай келеді, оған қандай әшекей-бұйымдар тағылады барлығынан хабардар. Қандай да бір түсірілмге бармас бұрын, тәуліктің қай уақыты болмасын хабарласып, кеңес сұраймын. Ал, өнерде, кәсіби сахнада негізгі бағытты сілтейтін, әрине – Баян Мақсатқызы. Кей бір жобаларда, мәселен, «Гәкку әуендері», «Астана жұлдызы»  сынды түрлі марапаттау кештерінде, өздерінің стилистерін ұсынады. Ал өзім, өзім жақсы киінбеймін негізі J

- Кәмшат, сіз ырымшылсыз ба? Сахнаға шығудан бұрын жасайтын қандай да бір ритуалыңыз бар ма?

- Шыны керек, мен ырымшыл емеспін. Кішкентайымнан сахнада жүрсем де  біріншіден Аллаға, екіншіден өзіме деген сенімім болар, ағайын-туыстарымыз анама көп айтатын, сахнаға шығып жатыр, қаншама адамның алдында жүр, түйреуіш, көз-мойыншақ, жалтырақ заттар тағып жүрсін деп, бірақ тфә-тфә бүгінгі күнге дейін ондай заттарды қолданып көрмедім. Жақсы нәрсеге сенгенді ұнатамын, менің табиғатым сондай. Мәселен, алақаным қышыса ақша келеріне сенемін, немесе жаңбырдың жиналып тұрған суы басыма не көлікке түссе менің бүгін жолым болады деп, тіпті қара мысық жолымды кессе де жақсылыққа болжаймын. Ал былай сахнаға шығарда, бір Аллаға сеніп шығамын. Себебі барлығы тек Алланың қолында.

- Сіздің пікіріңізше, шынайы махаббат деген не? Ол қандай болуы керек?

- Адамды көңіліңнен шықпайтын тұстарымен бірге қабылдай білу. Идеалды адам болмайды, яғни, ұнамайтын қырларымен бірге жақсы көру – бұл нағыз махаббат. Бетіне айтуға батпасаң да, сүйіп-құшақтап жатпасаң да ішіңде, дұғаңда сол адамның аманшылығын, сәттілігін тілеп жүретін, жүректің төріне орналасқан махаббаттық сезімді – шынайы деп ойлаймын.

- Жеке өміріңзге тоқталсақ. Кәмшат, бүгінде сүйіктіңіз бар ма? Алдағы уақытта отбасылық фронтында қандай жоспарларыңыз бар?

- Мен қазіргі кезде үлкен ғашықтық сезімде жүрген адаммын. Ол жайлы айтар болсам, басы бос, келбетті жан. Қазіргі сезімім алдағы уақытта шығатын жаңа туындыларыма қатты әсер етіп, шабыттандырып жүр. Бұйырса, менің келесі әнім осы сезімге арналмақ.

- Егер де сіз журналист болсаңыз өзіңізге қандай сауал қояр едіңіз?

- Әлемдегі ең үлкен бақыт деген не? - деген сұрақ қойылса, мен, ойлаймын, ең  үлкен бақыт бұл, жасың келіп, үлкен бір қария болып отырған кезде «Мен бұл өмірге ризамын, мен асқақ армандарыма жеттім, мен бақытты жанмын» деп айтуым, яғни, сондай күйге жетуім деп жауап қатар едім. Неге мен уақытында солай істемедім, неге мен сол кезде жүрегімді тыңдамадым, уақытымды босқа жібердім деген сияқты өкініш бұл – өте ауыр тиеді. Сондықтан осы сөзге қазіргі секундтан бастап мән берген жөн деп ойлаймын.

- Бос уақытыңызды қалай пайдаланасыз?

- Жұмыс қызу жүріп кеткен кездері, бос уақытты армандаймын. Мұндай сәтте дым істемегенді жақсы көремін, ағзам болды мен тынықтым, енді қимылдашы деп айтпайынша, алдыма тек сүйікті кино, бағдарламаларымды  қосып, ең сүйікті тағамдарымды ішінде дұрысы да бар, бұрысы да бар барлығын қойып, есік-терезені құлыптап, телефонды сөндіріп, еш нәрсе ойламай демаламын. Шамадан тыс босап жатсам тыпырлай бастаймын, спорт қайда, мынау қайда деп.  Бірақ мұндай сәттер өкінішке орай, өте сирек болады.

- Өзіңіз жайлы естіген ең қызықты, шындыққа мүлде жанаспайтын өсекпен бөліссеңіз?

- Жалпы өнер адамдарының артынан көп өсек еріп жатады ғой. Біреумен қосып, біреумен айырылыстырады. Менің де жағдайым тап сондай. Мені көп әріптестеріме қосып қояды, қоспай жатып айырылыстырып та жатады, әйтеуір, өздері ойластырып қойған. Мұндай теріс пікірлерге айқындап айтып өткім келеді, мен осы күнге дейін өнерім, мақсатым, арманым деп жүрген адаммын. Әрине бұл жеке өмірімді ысырып қойғаным емес, қазір айттым, жеңіл ғашықтық сезімде жүрген жанмын, бірақ сол өзімнің теңім екенін байқап, сезініп жатсам мұны екінші орында қалдырып қоймаймын. Алла қаласа, сол күндерге жетсем бақытымның үстіне бақ қосылар. Бірақ бүгінгі таңда басым бос! Уақытымның барлығы өнер жолына жұмысалып жатыр.

- Өзіңіз әзірлеген соңғы тағам?

- Мен әзірлеген соңғы тағам балық болуы керек. Каспий теңізінің жағасында өскеннен кейін бе, балық өнімдерін ұнатамын. Балықты буда пісіріп жегенді жақы көремін, қасына міндетті түрде көкөністер дайындаймын. Теңіз өнімдері ұнайды, балықтан әзіріленген стейк те жағады. Әкем менің аңшы, жабайы құсты атып үйге алып келеді, одан анам өте дәмді сорпа істейді. Бүкіл әлемде анамыздың жасаған тағамдарынан артық дәм жоқ қой, аналарымыз аман болсын!

- Сүйікті әніңіз және әншіңіз?

- Darren Hayesтың «Insatiable» әні – мен үшін нөмірі бірінші ән. Өзім де таң қаламын, 2002 жылы жарық көргеннен бастап, әлі күнге дейін жалықпай тыңдап келемін. Отандық әншілер арасында да түрлі талғамға арналған әндер көп. Соның ішінде «Формат» тобының, марқұм Батырхан Шүкеновтың, «Кеш You»-дың әндерін тыңдаймын. Ал сүйкті әнім «Лашын» тобының орындауындағы «Таңдағаным» әні. Бұл Арман Дүйсенов шығарған керемет туындылардың бірі. Бірнеше рет, еріксіз тыңдай беремін.

- Үнді еліне деген қызығушылығыңыз қай уақытта пайда болды? Бұл тек қана образ ба, әлде шынымен бауырыңыз бұрып тұрады ма?

- Күндердің бір күнінде анам үйге үнді касетасын алып келді. Сол кезден бастап үнді әуендеріне деген әуестігім басталды. Таспаны күндіз-түні тыңдап, қосылып әндетіп жүргенде, «қызым үнді әндеріне дауысың жақсы келеді екен» деп, қанат бітірді. Эстрададағы әріптестерімнің көбі бұл ұлттың әніне деген құштарлығымды жақсы біледі. Осы ерекшелігіммен көп адамның көзіне де түстім. Ән айтшы дегенде әрине алдымен қазақша ән айтылады, соңынан үнді музакасын орындағанда таң қалып жатады. Бұған зор мән бере отырып, Баян Мақсатқызы алғашқы «Сүйіктім» әніне кішкене болса да үнді мәдениетінің жауһарын қосты.

- Үндістан эстрадасыныңдағы сүйікті орындаушыңыз кім?

- Әншісі Лата Мангешкар – бүгінде үлкен әже болса да  ән айтады, ол Гиннесс рекордтар кітабына ең көп 2500-ге жуық ән орындаған әнші ретінде енген. Сонымен қатар, Сону Нигам, Шриа Гошал дейтін дауысы керемет әншілер де ұнайды.

- Болливуд жұлдыздарының арасында ең қатты ұнайтын әртісіңіз кім?

- Әрине, ол – Шахрух Кхан, оның шеберлігін әлем мойындаған. Негізінен классикалық әртістер ұнайды, Рекха, Айшвария Рай, Мадхури, қазір шығып жатқан әртістерден Дипика Падукине, Ритик Роушен.

- Әнші карьераңызға оралсақ, «Сүйіктім», «Махаббат дастаны», «Бірге» хиттері сөзсіз миллиондаған тыңдарман жүректерін жаулап алды. Келесі туындыңыз қандай тақырыпта болмақ? Және қай уақытқа жоспарлап отырсыз?

- Алла қаласа осы жылы жаңа бейнебаянымды түсіріп бітуім керек, әзірше ол дайындалу үстінде. Клипте жанымда еразамат болмайды. Бұл әнімді тыңдайтын қыз-келіншектер өздерінің сұлулығын сезінсе, ыстық махаббат сезіміне бөленсе, жүрек лүпілдері жиілесе екен деген ниетпен жасамақпын. Шынайы ғашықтық сезімде жүрген, жақсы көрген, сүйген әйелдердің қандай күйде болатынын паш ететін туынды жасауды жоспарлап отырмыз.

- Түсірілімі қай жерде болады?

- Өзіміздің жергілікті режиссерімізбен Алматы қаласында түсіреміз. Қазір қандай стиль, киім, би болатыны талқыланып, толықтай дайындық процессі жүріп жатыр.

- Жанкүйерлеріңізге қаншалықты көңіл бөлесіз?

- Менің фанаттарым көп екенін инстаграм парақшаларынан байқаймын. Сұрағыңыз өте ойландырарлы, мен бұған дейін де жанкүйерлеріммен бірге кездесулер ұйымдастыруды жоспарлап жүргенмін. Жалпы мен жоқ, суретке түспеймін, автограф бермеймін, мені мазаламаңдар демегенмін. Мен халықтың ілтипатын, махаббатын жақсы көремін, соны бүкіл жүрегіммен қабылдаймын. Ғаламтор қатты дамыған заманда, аэропортта, дүкенде, есіктің алдында түсетін суреттер тым көбейіп  кету қауіп туындағаннан  қазіргі уақытта сахна сыртында немесе өнер ордасында қауышқан кезде ғана өз жанкүйерлеріммен суретке түсіп, тілдесемін. Реніш болады әрине, дегенмен тәртіп те болуы керек.

- Алтын уақытыңызды бөліп, қызықты сұхббат бергеніңіз үшін алғысымыз шексіз!


Мадина РЕБРОВА,

Халықаралық «Қазақстан келбеті»

журналының Бас редакторы

  ]]>
Sat, 14 Jan 2017 02:45:59 +0600medinarebrova@yvision.kz (medinarebrova)камшаткамшат жолдыбаеваэстрадашоу-бизнесжұлдызқазақстан жұлдызымадина реброваинтервьюэксклюзивсұхбаткелбет сырықазақстан келбетіkazakh brandskamshat zholdybaevaкак стать звездоймечтадетствоцельактрисаизвестная актрисапевицателеведущаяhttps://yvision.kz/post/747852https://yvision.kz/post/747852